Жарнама
 
Президент
1 мин оқу 280

Елбасы жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты

<p>Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.</p> <div>&nbsp;</div>

Елбасы жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты

Мемлекет басшысы кешке қатысушыларға арнаған сөзінде Жаңа жыл мерекесі әрдайым көтеріңкі көңіл-күй мен бақытты болашаққа деген үміт сыйлайтынын атап өтті.

– Өтіп бара жатқан жыл жарқын және ауқымды оқиғаларымен есте қалады. Қысқы Универсиада мен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қазақстандықтарға және шетелдік қонақтарға спорт пен технологияның тама­ша мерекесін тарту етті. Біз Ислам Ын­ты­мақтастығы Ұйымының саммитін жоғары деңгейде өткіздік, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесінде еліміздің бейбіт бастамаларын ілгерілету мәселелеріне және алдағы жылы Қазақстанның осы халықаралық ұйымға төрағалық етуінің перспективаларына ерекше тоқталды.

– Бұл – әлемнің екі жүзге жуық елінің жас мемлекетке білдірген айрықша сенімі. Келесі жылы Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­бас­шы­ларының съезі, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шара­лары жөніндегі кеңес, сондай-ақ басқа да көп­те­ген маңыз­ды іс-шаралар өтеді. Бұл жеңіс­тердің барлығы – әрқай­сымыз­дың күш-жігеріміз бен қа­жырлы еңбегіміздің нәтижесі. Әр­бір аза­матымыз Қазақстанның же­тістіктеріне қатысы бар екенін сезінгені маңызды, – деді Мем­лекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кешке қатысушыларды келе жатқан жаңа 2018 жылмен құттықтап, барша қазақстандықтарға зор денсаулық, қуаныш пен шаттық тіледі.

– Бәріміздің үйіміз мейірім шуағына бөленіп, бақ-берекеге толы болсын! – деді Қазақстан Президенті.

Жаңажылдық балды өткізуден түскен қаражат қайырымдылық мақсатқа бағытталатын болады.

Бөлісу:
Елбасы жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты · Egemen Qazaqstan