Жарнама
 
Аймақтар
2 мин оқу 211

Үржардағы үздік үлгі

<p>Үржар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жексенбай Тілеуберлинді бұрыннан танимыз. 2013 жылдан бері Үржар аудандық ауруханасына жетекшілік етуде. Төрт қабатты аурухананың іші-сырты күрделі жөндеуден өткен, айнадай жарқырайды. Аурухананың ішкі жағындағы кең алаңды көрсетіп, келер жылы осы жерден &laquo;Ана мен бала&raquo; саябағын ашамыз дегенде, бас дәрігердің шаруашылық жұмыстарына көңіл бөлетінін аңғардық.</p>

Үржардағы үздік үлгі

– Мына тұрған ардагерлер бөлмесі аудан әкімі Серік Зайнулдиннің бастамасы бойынша жасалды. Ішіне күр­делі жөндеу жасап, теледи­дар, қажетті жабдықтар ор­н­аластырдық. Ауданның өр­­кендеуіне ерекше үлес қос­қан қариялар осында орна­ласып, қажетті ем-домын алады, барлығы тегін. Мына тұр­ған перзентханаға жаңа қуат­ты құрал-жабдықтарды орн­аттық. Бізде перзентхана, терапия, жансақтау, балалар, гинекология, хирургия, жұқпалы аурулар бөлімі қыз­мет көрсетеді. Аудандық ау­ру­ханада 100 дәрігер, 331 о­р­­та буын қызметкер бар. Бар­­лығы 629 адам қызмет ете­­ді. Мекемеге қарасты 39 ем­­деу-сауықтыру орындары, 16 медициналық пункт, 6 фель­дшерлік-акушерлік, 15 дәрігерлік-амбулатория, Тас­­кескендегі орталық ауру­хана, Мақаншыдағы ауда­н­а­ралық орталық аурухана өңір­дің 80 мыңнан астам адамы­на медициналық қызмет көрсетеді, – дейді бас дәрігер.
Аурухананы аралап шық­қанда тазалыққа ерекше көңіл бөлінетінін аңғардық. Сырқат жандар жататын палата тап-таза. Кең әрі жарық палаталарда 2-3, 4-5 кісі ғана жатады.

Бас дәрігердің айтуынша, соңғы екі-үш жылда «Парыз» қоры бойынша 148 миллион, облыстық бюджеттен 30 миллион теңге қаржы бөлініп, за­манауи аппараттар сатып алу­ға жұмсалған көрінеді. Ал ол қандай қондырғылар деген­ге кел­сек, тек Астана мен Үр­жар­да ғана бар іш құрылысы (видеогастро) және короноскопия аппараттары. Жансақтау бөліміндегі наркоз беретін қондырғы Оңтүстік Кореядан әкелініпті. Оның бағасы – 12,5 миллион теңге. Рентген аппараты – 6 миллион, жаңа ай­тылған қос жабдыққа 11,5 мил­лион теңге жұмсалған кө­рі­неді. Оның сыртында жүкті әйел­дерді, асқазан, басқа да сыр­қаттарды тексеретін УЗИ қон­дырғыларына қыруар қар­жы жұмсалған.

– Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» ма­қаласында ел азаматтарының  сер­гек те саламатты өмір сү­руі жайлы ерекше айтылған. Ау­ру­хана қыз­­меткерлері мақа­ла жария­ла­нысымен оны қызу тал­қы­лады. Ауданда жаңа туылған сә­билердің соңғы жылдары көб­ейгені сөз болды. Бізде ай сайын 55-60 сәби дүниеге ке­ле­ді, бір жылда 730 бала туған. Былтыр 600-дей сәби дүниеге келді. Оның үстіне аурухананы жөндеуге, кір жуатын орынға, қазандық орнатуға, қалдық заттарды тазартатын қондырғыға 270 миллион теңге жұмсалды. 

«Дипломмен – ауылға!» бағ­дарламасы бойынша соңғы тө­рт жылда 38 дәрігер Үржар ау­руханасына қызметке орна­ласқан. Аудан әкімінің гранты бойынша 21 бала Семей ме­дициналық университетіне оқу­ға түсіпті. Биыл 10 жас ма­ман туған ауылына ке­ліп, қы­з­метке орналасты. Жол­да­ма­мен келгендерге 158 мың теңге көтерме сыйлық, пә­тер беріледі. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен кел­ген Қымбат Мұсаева қазір бө­лімше меңгерушісі болса, Ал­­матыдағы Асфендияров атын­­дағы медициналық уни­вер­ситетті бітіріп келген Марсель Алиев терапевт болып қызмет етуде. Олар өздеріне барлық жағдайды жасаған аурухана басшысына риза.

Оңдасын ЕЛУБАЙ

Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы

Бөлісу:
Үржардағы үздік үлгі · Egemen Qazaqstan