Жарнама
 
Қазақстан
1 мин оқу 380

Ильиннің анасы неге жылады?

<p>Егемендіктің бедерінде екі дүркін Олимпиада чемпио&shy;ны атанған Илья Ильинді кім білмейді?! Айналасы аз ғана жылдың ішінде дарынды спортшының айналасында даңқ та, дақпырт та аз болған жоқ. Алайда осының бәріне қарамастан, Илья &ndash; халықтың сүйікті спортшыларының бірі.&nbsp;&nbsp;</p>

Ильиннің анасы неге жылады?

Қысқасы, Қазақстан спор­тының шежіресінде аты шегенделген чемпионға қатысты мына бір сөйлейтін сурет бізді жыл басында «Бір суреттің сыры» айдарына жетелеп отыр.

Спорттағы мансабын 13 жа­сында Семейде өткен ел чем­­пионатынан бастаған Илья 2005 жылы 17 жасында жас­өспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанғанын айта кетсек несі айып?! Дәл осы жы­лы 15 қарашада Қатар­дың До­ха қаласында 2005 жылғы чемпионаттың таң­даулы зіл­теміршісі атанды. 2006 жылы Қытайда жас­тар арасындағы әлем чемпион­дығын жұлып алды. Осы жылы Санто-До­мингода 94 келі сал­мақ санатын­да әлем чемпионы болды. 2006 жылдың желтоқсанында Қа­тардағы Азия ойындарында 94 келі салмақта 401 ке­лі нәтижемен чемпион атан­ды. 2008 жылы Бейжің Олим­пиа­дасында жеңімпаз болды. 2010 жылы Қазақстанның және Азия ойындарының чемпионы. 2012 жылы Лондон Олим­пиадасында әлемдік және олимпиадалық рекорд жасап, екінші рет Олимпиада чемпио­ны атанды. 

– Ильия Ильин әр жарыс­тан келген сайын Қызылорда әуежайында күтіп алатын едік. Менің сонда байқағаным Илья­ның анасы үнемі жылап тұрады. Илья зілтемірді көте­рерде анасы екі көзін тарс жұ­мып алатынға ұқсайды. Бала­сының белі қайысқанын көргісі келмейді. Жұрт Илья зілтемірді көтерді деп қуанса, анасы Галина ұлының бір жерін мертіктірмей, аман келгенін көріп жылайды. Мына сурет соның бір айғағы іспетті – дейді жан тебірентерлік суреттің авторы Болат Омарәлиев.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Суретті түсірген
Болат ОМАРӘЛИЕВ

Бөлісу:
Ильиннің анасы неге жылады? · Egemen Qazaqstan