Елбасы Goldman Sachs басшысымен кездесті
<p>Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапары аясында «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварц­пен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.</p>

Кездесуде тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Goldman Sachs» компаниясының одан әрі ынтымақтасу мәселелерін талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қаржы орталығын құру үшін атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.
– Бүгінде барлық құқықтық жағдай жасалды. Ағылшын құқығы базасындағы сот құрылды. Қатысушылар үшін қажетті барлық жеңілдіктер қарастырылды, соның ішінде виза және салық жеңілдіктері де бар, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы Американың «Nasdaq» биржасымен және Шанхай қор биржасымен ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

