Жарнама
 
Медицина
1 мин оқу 661

Ел болашағына деген сенім арта түсті

<p>Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған &laquo;Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері&raquo; атты Жолдауымен ерекше ықылас таныта отырып танысып шықтық. Жолдауда жазылған барлық мәселелер орынды көтерілген. Ондағы экономикалық, әлеуметтік бағыттар бойынша алға қойылған міндеттер еліміздің дамуы үшін аса маңызды екені сөзсіз.&nbsp;</p> <div>&nbsp;</div>

Ел болашағына деген сенім арта түсті

Жалпы, Жолдауда көрсетілген 10 бағыт Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында туын­дап отырған жаңа қағида­ларға бейімделуімізге жол ашады. Осы орайда Жолдаудағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» тақырыбымен берілген жетінші бағыт бойынша ел назарына ұсынылған ауқымды міндеттердің қоғам өміріндегі орны ерекше деп ойлаймыз. Өйткені онда уақыт талабына сай маман даярлауға, ұрпақ тәрбиелеуге қатысты мәселе­лер егжей-тегжейлі жазылған. Мәселен, білім беруді жаңа сапаға көтеру, орта және жоғары білім беру саласын жаңартылған мазмұнға көшіру, сондай-ақ жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бо­йын­ша білім алған түлектер санын көбейту тұрғысындағы міндеттер дер кезінде көтеріліп отыр.

Сонымен қатар, латын графикасына көшу, қазақ тілінің қол­даныс аясын кеңейту, шет тіл­дерін меңгеру ісіне қатысты айтылған ілкімді ойларға жүрдім-бардым қарауға болмайды. 

Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, Елбасының мұға­лімдер қауымының мәр­тебесін көтеруге ерекше назар аударып, олардың әлеу­­меттік жағдайын одан әрі жақ­­сартуға байланыс­ты бер­ген тапсырмалары барша жұрт­­шы­лықты бір серпілтіп тастады. 

Қорыта айтқанда, Прези­дент­тің биылғы Жолдауы қоғамы­мыз­да тың серпіліс тудырып отыр. Бұл құжат халықтың Елба­сы­на, атқарушы билікке деген сенімін арттыра түсті деп сеніммен ай­туға болады.

Жанар БАЙДАЛЫҚЫЗЫ,
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық факультетінің оқытушысы 
ТҮРКІСТАН
 

Бөлісу: