Президент
1 мин оқу 240
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align: justify;">Екі ел көшбасшылары биылғы 29-30 қаңтарда Сочиде өткен Сирия ұлттық диалогы конгресінің қорытындыларын талқылады. Қазақстан Президенті Сирия дағдарысын реттеу үдерісіне Ресей Федерациясының қомақты үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. </p>

Мемлекеттер басшылары Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы мен «Жаһандық дәуірдегі цифрлық күн тәртібі» атты форум туралы ой бөлісіп, Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жөнінде әңгімелесті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.
Бөлісу:

