Жарнама
 
Қазақстан
2 мин оқу 1,130

Ауған соғысына қатысқандар ескерілмеген

<p style="text-align: justify;"><strong>Бізге Отан бұйрығымен Ауғанстанға барып, өздерінің жауынгерлік міндетін орындаған бір топ ардагерден шағым түсті. Олар өздерінің басындағы мәселе қолданыстағы заңға өзгерту енгізілмей шешілмейтінін айтады.&nbsp;</strong></p>

Ауған соғысына қатысқандар ескерілмеген

1995 жылғы 28 сәуірде қабылданған «Ұлы Отан соғы­сы­на қатысушылар мен оның мүге­дектеріне теңес­ті­рі­лген­дер­ге арналған жеңіл­дік­тер мен әлеуметтік кепіл­дік­т­ер туралы» Заңы­мыздың 6-ба­бында жеңілдіктер мен ке­піл­діктер алатын теңес­ті­ріл­­гендер қатарына бөтен ел­дің ау­мағындағы, соның ішінде Ау­ғанстандағы әскери қи­мылдарға қатысушылар мен 1986-1987 жылдардағы Чер­нобыль АЭС апатының зар­даптарын жоюға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жат­ты­ғуларға тікелей қатыс­қан­дар енгізілген.

Осы категорияға жататын азаматтардың бәріне жеңіл­діктер мен кепілдіктер осы заңда сақталған, бірақ басқа заңнамалық құжаттарда олар қарастырылмаған. Мәсе­лен, «Тұрғын үй қатына­с­­тары туралы» Заңның 8-бөлі­мін­­дегі 13-бапта мем­ле­ке­ттік тұрғын үй қоры­нан өзі­нің меншігіне тегін үй алу­шы­­лардың қатарына Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, Чернобыль АЭС апатының салдарларын жою­шылар және басқа да ядро­лық апаттардың зардапта­рын жоюға қатысушылар енгі­зіліп, ал басқа елдердің ау­мақ­тарындағы соғыс қимыл­да­рына бұйрықпен барып, қатыс­қан­дар түсіп қалған. Бұлар негізінен Ауған соғысына қатысқандар екені белгілі.

Сөйтіп қолына қару алып Отан бұйрығын орын­да­ған офицерлер мен жауын­герлер белгісіз себептер­мен мемлекеттік қорға жат­қы­зыл­ған тұрғын үйлерін те­гін жекешелендіріп алу құқынан айырылған. Ал 2012 жыл­ға дейінгі қолданыста бол­ған заңда бұл нормалар сақ­талған еді.  Толықтырулар мен өзге­рістер енгізілгенде Ауған соғысына қатыс­қан­дар­дың жеңілдіктері алынып тас­талған.

Кеңес Одағы тарағаннан кейін біздің еліміз КСРО-ның басқа да республикаларымен қатар ТМД шеңберінде мұндай категорияларға жататын азаматтардың жеңіл­дік­тері мен кепіл­дік­те­рі­нің сақ­та­латыны тура­лы келі­сімдерге қол қойды. Біз­­дің көршілеріміз Ресей, Өзбек­стан, Қырғызстан елде­рін­де ол сақ­талған, ал бізде сақталмай отыр.

Сондықтан біз, Мәжілістің бір топ депутаты еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі Тамара Дүй­се­но­ваға депутаттық сауал жолдап, «Тұрғын үй қаты­нас­­тары туралы» Заңның 8-бөліміндегі 13-бапқа өзгерістер әзірлеп, оны енгізу үшін Парламентке ұсы­нуды өтіндік. Ауған с­о­ғы­сына қатысқандар оқ пен оттың ортасына ерігіп бар­ған жоқ, әскери бұйрықты орын­дау үшін барғанын ұмытпайық. Сондықтан да олар барлық құрметке лайық.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Ауған соғысына қатысқандар ескерілмеген · Egemen Qazaqstan