Жарнама
 
Өнер
2 мин оқу 580

Ғаймолдиннің ғажайып әлемі

<p style="text-align: justify;"><strong>Қарағандылық суретші Ерлан Ғай&shy;молдиннің қыл&shy;қаламынан ту&shy;ған дү&shy;ниелер тылсым сыр&shy;ға толы. Ма&shy;ман&shy;дардың пайымына сүйенсек, суретшінің қол&shy;таңбасына әй&shy;гілі импрессионист Модильянидің ық&shy;палы молынан әсер еткен. Бұған шебердің өзіндік мәнері қо&shy;сылғанда, кенеп бе&shy;тіне көздің жауын алған сиқырлы әлем өрнектері ұя салады екен.&nbsp;</strong></p>

Ғаймолдиннің ғажайып әлемі

Облыстық бейнелеу өнері мұржайында өт­кен көрмеге суретшінің 24 туындысы қойылды. Көрермен назарына ұсы­нылған кар­тиналардың барлығы да соңғы екі жыл ішінде дүниеге келген. Олардың қамтыған тақырыбы да сан алуан: отбасының ұйытқысы һәм ұрпақты жалғастырушы әйел бейнесі, халықтардың пайда болуы мен олардың тарихы, әлемдік аңыздар мен мифтер...

Суретшінің барлық туын­дыларының астары философиялық мәнге толы дегенді айтады өнер­та­нушылар. Авторды та­биғат, ғарыш, өмір, дін тура­лы толғамдар қатты қызық­тыратын болса керек. Әлбетте, мұның ту сыртында бір картинаны өмірге келтіру үшін жүздеген эксизді сыннан өткізетін жан­кешті еңбектің тұрғаны айтпаса да түсінікті.

Бұл – Ғаймолдиннің алғашқы көрмесі емес. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары туындыларын жұрт талқысына шығарыпты. Ол кезде қалада «Қарағанды авангарды» – «КарАван» жастар тобы болған. Соның алғашқы құрамында Ерлан да болған екен. Міне, енді ол араға талай жылды салып, өзінің көрерменімен қайыра қауышты.

Ерлан Ғаймолдин – Қа­­ра­ғандының тумасы. Алматы көркемсурет учи­­лищесін бітірген соң, туған қаласында жарнама саласында тер төккен. Одан кейін 80-жылдары Ал­матыдағы мемлекеттік театр-көркемөнер институтын (қазіргі Т.Жүр­генов атын­дағы өнер академиясы) сәндік-қолданбалы өнер суретшісі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ғаймолдиннің шы­ғар­машылығы туралы қара­ғандылық өнер­та­нушылар өте жылы лебіз білдіреді. Мы­­салы, белгілі маман На­талья Ивани­наның мы­на пікіріне назар салсақ. «Су­рет­шіні 2000-жылдардың басын­дағы қазақстандық өнер мектебінің өкілі деп сеніммен айтуға болады. Оның картиналарындағы кейіпкерлердің, мейлі ол адам немесе жан-жануар болсын, бәрінің көз жанарлары міндетті түрде айқын көк түспен беріледі. Бұдан біреулер адамзаттың құшақ жетпес кеңістігін аңғарса, енді біреулер түпсіз терең, қап-қараңғы шыңырауды көреді. Ғаймолдиннің ға­жа­йып әлемінің сыры да осында болса керек», дейді маман.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Суреттерді түсірген  Дмитрий КУЗМИЧЕВ

Бөлісу: