Бүгін Қазақстанның кей өңірлерінде қар жауады
<p>Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың солтүстік-батысында қар жауады, тек оңтүстікте және орталықта кей жерлерде аздаған қар күтіледі. Қазақстанның басқа аймақтарында кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.</p>

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25, екпіні 30 м/с-ға жетеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с-ға жетеді, Қостанай облысында бұрқасын күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

