Жарнама
 
Бағдарламалар
1 мин оқу 331

Уильям Томпсон: Елбасы Үндеуі – игіліктер бастамасы

<p style="text-align:justify">Қазақстан Президентінің бес әлеуметтік бастамасының астары&shy;на үңілсек, ол тікелей ха&shy;лық&shy;тың әл-ауқатын жақсар&shy;туға бағытталған. Бұл жоспар орын&shy;далғаннан кейін жұрт&shy;шы&shy;лықтың тұрмысы түзеліп сала беретіндігіне сенемін.</p>

Уильям Томпсон: Елбасы Үндеуі – игіліктер бастамасы

Мәселен, салық жүктемесін азайту, жоға­ры білім алатын студенттер үшін қосымша бөлінетін қаражат, Астана мен солтүстік өңірлерді газдандыру, шағын несиелердің көлемінің артуы, баспананың қолжетімді бола түсуі – Қазақстанның мүмкіндігі жететін және алысты көздеген негізгі жоспары.

Біздің Экономикалық ынты­мақ­тастық және даму ұйымы жұ­мысшыларға салынатын салық­тың көлемін азайту, оның ішінде жастар мен жасамыс мамандар, әйелдер мен біліктілігі төмен қызметкерлердің жағдайларын есепке алатын болғандықтан, Қазақ­станның бастамалары көңілі­мізден шығып отыр.

Бір сөзбен айтқанда, игі істер­ге тұнған бастамалар Қазақстан­ның әлемдік деңгейдегі рөлін айшықтай түседі.

Уильям ТОМПСОН,

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы халықаралық қатынастар бойынша хатшылығы Еуразиялық бөлімшесінің жетекшісі

Бөлісу: