Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 673

Көкшетауда «Ақан серінің ән бесігі» атты әдеби кеш өтті

<p>Жақында Көкшетау қаласындағы &laquo;Достар&raquo; мәдениет сарайында &laquo;Ақан серінің ән бесігі&raquo; атты әдеби кеш болып өтті. Негізінен&nbsp; шара Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығына арналған ғылыми-конференция және әдеби-музыкалық кеш ретінде екі кезеңнен тұрды.&nbsp;</p>

Көкшетауда «Ақан серінің ән бесігі» атты әдеби кеш өтті

Шараны өткізудегі басты мақ­сат – халқымыздың аспаптық, во­кал­дық музыкасын сақтау және на­сихаттау. Сондай-ақ шы­ғар­машылық байланыс пен әріп­тестікті нығайту арқылы Ақан сері тұлғасының тарихи және мәдени маңызын арттыра түсу көзделген. 

Жалпы, шығармалары қазақ хал­қының мәңгілік музыкалық қорына енген ұлы суырып салма ақынның музыкалық мұрасын ке­ңінен таныту уақыт тала­бы. Халықтың музыкалық қазы­на­сында өзіне лайықты орнын алған Ақан серінің «Құлагер», «Маңмаңгер», «Мақпал», «Бал­қадиша», «Көкжендет», «Сы­рым­бет» және тағы басқа ту­ын­­дылары орындалып, қатысу­шы­­­лардың құлақ құрышын қан­дыр­ды. Бұл ретте музыка мен өнер зерттеушілері Ақан сері  шығармашылығын зерттеу­де оның жаңа қырларын ашып, музы­ка­лық мұраны насихаттауда үл­кен жетістіктерге қол жеткізіп ке­леді. Осы тұрғыдан келгенде кеш­тің ұйымдастырылуы қала тұр­ғындары мен қонақтары үшін ке­ремет ұмытылмастай әуезді му­зыкалық тарту болды. 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Бөлісу: