Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 450

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

<p>Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өкімімен ШҚО әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Ерлан Қапарұлы Аймұқашев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Жаңа орынбасарды облыс әкімдігі активіне Даниал Ахметов таныстырды. Ерлан Қапарұлы 1970 жылы 18 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2000 жылы Павлодар облысы әкімі істері басқармасының хаттамалық іс-шаралармен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметінен бастады. 2001 жылдың желтоқсанынан Павлодар облысының туризм және спорт департаментінің бастығы, кейін Павлодар облысы әкімінің көмекшісі міндетін атқарады. 4 жыл бойы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болды. 2012 жылдың наурызында Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша коллегиясы (Министр) мүшесі хатшылығының басшысы лауазымына тағайындалды. 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратын басқарды. 2016-2017 жылдар аралығында Өскемен қаласы әкімі қызметін атқарды.   

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу: