Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 400

Юлия Галышеваға пәтер кілті тапсырылды

<p>Жақында Өскеменде жалауы желбіреген ХХІ халықтық спорт ойындарының ашылу салтанатында Пхенчханда өткен қысқы Олимпия ойындарының қола жүлдегері, фристайлшы Юлия Галышеваға ерекше құрмет көрсетілді.</p>

Юлия Галышеваға пәтер кілті тапсырылды

Оңтүстік Кореяда еліміз­дің абыройын асқақтатқан спортшыға облыс әкімі Даниал Ахметов бір бөлмелі пәтер, 16 миллион теңгенің сертификаты мен «Пежо» маркалы автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Ал қола жүлдегердің бап­кері Елена Круглыхина мен дүбірлі додаға қатысқан тағы бір фристайлшы Па­вел Колмаков қызметтік пәтер­дің кілттеріне ие болды. «Біздің облыстан көптеген республикалық және халық­аралық жарыстардың, Әлем чемпионаттары мен Олим­пия ойындарының жеңім­паздары, жүлдегерлері шық­қан. Олардың қатарында Ольга Рыпакова, Айбек Нұ­ғымаров, Денис Уланов пен Алексей Полторанин есімдерін ерекше атап өтуге болады. Өңірде бұқаралық спорттың дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Ай­мақ тұрғындарына үш мың­нан астам спорттық ны­сан мен секциялар қыз­мет көр­сетуде», деді Д.Ахметов.

Реті келгенде айта ке­тейік, облыс әкімінің жүл­де­сі cарапқа салын­ған ХХІ халықтық спорт ойындарының қоры­тын­дысында қалалар арасында Өскемен топ жарса, аудандар арасында Тарбағатай спортшылары қарсылас шақ келтірмеді.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Бөлісу: