Жарнама
 
Қазақстан
1 мин оқу 583

Радиолар басшылары Астанада бас қосты

<p>Астанадағы &laquo;Қазмедиа&raquo; орталығында &laquo;Азия медиа диалогы&raquo; атты халықаралық шара басталды. Жиында Орталық Азиядағы радионың бүгіні мен ертеңі, медиа саласындағы ортақ мәселелер талқыланбақ. Осыған орай елордаға Еуропа мен Азия радиоларының басшылары жиналды.&nbsp;<br /> </p>

Радиолар басшылары Астанада бас қосты

Жалпы, аудиторияны зерттеу, радио форматын қалыптастыру, озық тәжірибелерді ескеріп, теле­радиохабар тарату саласын за­манға лайық дамыту мәселелерін тал­қылау үшін 40 елден 150-ге жуық сарапшы келді. Бұл туралы Ақ­парат және коммуникациялар ми­нистрі Дәурен Абаев мәлім етті. 

Іс-шара аясында шілденің 9 күні Түркияның ТРТ радиосы мен «Қазақ радиолары» ЖШС бас­шылығы бейресми кез­десу өткіз­ді. Көршілес елдегі радио сала­­сының мамандары Ас­та­нада­ғы эт­но­ауылды көріп, қазақ­тың салт-дәстүрімен кеңінен танысты. 

Түркия радиолары бас­қар­ма­сының басшысы Ахмет Акчакая: «Бізді «Қазақ ра­диоларының»  әлеуметтік желідегі жұмысы қызықтырып отыр. Интернеттің радио имид­жіне берер пайдасын көріп, болашақта осы салада міндетті түрде тәжірибе алмасатынымызды айтқымыз келеді. Ал, біздің осы елге келген басты мақсатымыз – Түркия радиолары мен «Қазақ радиолары» арасында ынтымақтастық орнату», деді. 

Айта кетейік, осы жылғы мамыр айында «Қазақ радиолары» ЖШС делегациясы Түркияға барып, Малатия қаласында Түркия елдері радио фестивалінің құрметті қонағы болған-ды.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Радиолар басшылары Астанада бас қосты · Egemen Qazaqstan