14 шілдеге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align:justify">Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты елдің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, бұршақ болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.</p>

Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Сондай-ақ, Жамбыл, Алматы Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-22 м/с жетеді.
Атырау облысының басым бөлігінде, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қатты ыстық сақталады.

