Елбасы «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер (Big Data) платформасын қамтитын ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.</p>

Қаланың 10 жүйесі мен республикалық жүйенің бірігуі шаһардағы автотрафик, қоғамдық көліктегі жүргіншілер ағынының күнделікті көлемі, мектептер мен балабақшалардың жүктемесі, қылмыстық ахуал жөніндегі мәліметтерді талдауға, сондай-ақ бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматының голографикалық макеті үлкейтуге, имитациялауға және мегаполистегі түрлі үдерістерді модельдеуге мүмкіндігі бар 3D-проекция түрінде таныстырылды.
Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтын аралап көрген соң Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

