Жарнама
 
Өнер
1 мин оқу 890

Керемет кәдесый

<p>Отандық нарықтағы к&shy;әдесыйлардың 80%-і шет&shy;тен келеді. Жергілікті өнді&shy;рушілердің бұл ба&shy;ғыт&shy;та жұмыстануға құлшы&shy;ныс&shy;тары кем бе, әлде жа&shy;салған бұйым өз бағасын ақтамай ма? Атыраудағы &laquo;Эта&shy;лон&raquo; жарнама агенттігі осы сауалға жауап іздеп, еңбектенуді жөн көріпті. Нәтиже жаман емес.</p>

Керемет кәдесый

Бес жылдан бері полиграфия және сыртқы жарнама бойынша қызмет көрсетіп келе жатқан агент­тік тарихи жә­дігер­лердің көшірмелерін жасауды Атырауда ал­ғаш болып қолға алған. «Қазақ­станның үздік тауары» республикалық көрме-бай­қауының облыстық ке­зеңіне жергілікті материалдан дайындалған кәдесый ұсынып, үздіктер қатарынан көрінді.

– Қазір жарнама агент­ті­гіміз «Самұрық-Қа­­зы­на» қорының әлеуетті жет­­кі­­зуші­лер ті­зімінде. 300-ге жу­ық бұйым түрін жасаймыз. Жыл сайын 40 жаңа бұйым әзір­лейміз. Баға мен са­па көрсеткіштерінің оң­тайлы қатынасына сәй­кес, кәсіпорын өнімде­рінің көп­шілігі алыс жә­не жақын шетелдердің на­рық­тарында табысты бәсекелесе алады деп санаймыз», – дейді мекеме басшысы Асқар Саппаев.

«Эталонның» кәде­сый­лары ағаштан, орга­никалық шыныдан, бас­қа да материалдардан дайын­далады және әрқай­сы­­­­­­на дара дизайн қол­да­нылуымен ерекше.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Бөлісу:
Керемет кәдесый · Egemen Qazaqstan