Батыр Жүкембаев Канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде мекси­калық боксшы Патрисио Мореномен жекпе-жекке шығып, 14-ші жеңісіне қол жеткізді. </p>

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын. Алайда кездесудің жетінші раундында Жүкембаевтың бүйірден ұрған соққысынан кейін мексикалық боксшы орнынан тұра алмай, кездесуді жалғастырудан бас тартты. Сондай-ақ екінші раундта отандасымыз Мореноны бір рет нокдаунға түсірген-ді.
Осылайша 27 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы мансабындағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол 12 кездесуінде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген. Жүкембаев өз салмағында әлемдік рейтингте 33-орында келеді.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

