Жарнама
 
Әдебиет
1 мин оқу 564

Шерхан Мұртазаны еске алды

<p style="text-align:justify">Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада &laquo;Қазақ қарасөзінің қызыл жебесі&raquo; атты Қазақстанның халық жазушысы, публицист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны еске алу кеші өтті.</p>

Шерхан Мұртазаны еске алды

Шараға қаламгердің көзін көрген үзеңгілес, замандас достары, әріптестері, ағалық қамқорлығы мен шарапатына бөленген рухани інілері мен шәкірттері қатысып, қа­зақ баспасөзі мен әдебиеті баһадүрінің адами болмысы, өмірі мен шығармашылығы жөнінде жан-жақты естеліктер айтылып, қайраткер тұлғаның қоғамдық қызметтегі еңбегіне тұщымды баға беріліп, азаматтық ұстанымы мен тұлғалық болмысына баса тоқталды.

Сондай-ақ іс-шара барысында жазушының көркем әдеби дүниелері мен публицистикалық шығармалары топтастырылған көрме ұйымдас­тырылып, қалам иесі кезінде қызмет еткен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), («Со­циалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері мен «Жалын» және «Жұлдыз» журналдарының сарғайған архивтік тігінділері де Шерхан Мұртаза әлеміне бас иген оқыр­мандардың назарына ұсынылды. Еске алу кешінде тұлға жайлы әсерлі естеліктер айтылып, деректі фильм көрсетілді.

Назерке ЖҰМАБАЙ, 

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: