Ұлттық құрама ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады
<p style="text-align:justify">Халықаралық футбол қауымдас­тықтары федерациясы (ФИФА) қа­зан айындағы ұлттық құрама­лардың рейтингін жаңартты. Жариялаған рейтингіне сәйкес Қазақстан ұлт­тық құрамасы өткен аймен салыс­тырғанда бір сатыға көтерілді. </p>

Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 117 орынға жайғасты. Ұлттық құрама қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізді. Сырт алаңда Латвия құрамасымен 1:1 есебімен тең түссе, елордада өткен кездесуде Андорра футболшыларын 4:0 есебімен жеңген-ді.
Станимир Стоилов командасы келесі ойынын 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында Латвиямен өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады. 19 қараша күні біздің футболшылар сырт алаңда Грузиямен ойнайды.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

