Миланка Карич: Басым бағыттар қамтылған
<p style="text-align: justify;">Қай мемлекет болсын өзінің алдына қойған нақты мақсат-мін­деттері болмаса, ол дамудың даң­ғыл жолына түсе алмайтыны бел­гілі. Осы орайда Қазақ­стан Пре­­зид­енті Нұрсұлтан Назар­баев­­­тың өзінің жыл сайын­ғы Жол­дау­лары арқылы елдің бағыт-бағ­дарын айқындап, халық тұр­мысын жақсарту, экономиканы дамыту және басқа да маңызды мәселе­лер бойынша басты міндеттерді көрсетіп келеді.<br /> </p>

Президент Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында жариялаған Жолдауында әлеуметтік салаға баса назар аударған. Онда, әсіресе тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау ісіне басымдық берілген. Сонымен қатар денсаулық сақтау және білім беру салаларына да айрықша көңіл бөлінген. Бұлардан бөлек, мен аталған Жолдауда азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына мемлекеттік бақылауды күшейту ісіне екпін берілгенін өте орынды деп есептеймін. Осы арада халық денсаулығының жақсы болуы елдің қарқынды түрде дамуына тікелей әсер ететін фактор екенін атап өткім келеді.
Қазіргі таңда әлемде технологияның қарқынды дамуы уақыт талабына сай мамандар даярлау қажеттігін күн тәртібіне шығарып отыр. Осыған байланысты, Жолдауда жоғары оқу орындарының алдына сапалы мамандар даярлау міндеті қойылғаны, сондай-ақ ұрпаққа білім, тәрбие беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға жəне командада жұмыс істей білуге басты назар аударылғаны қуантады.
Жолдауда құқық қорғау органдарының, сот жүйесінің, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жетілдіру, заман сұранысына бейімдеу мәселесі атап көрсетілген. Айта кету керек, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына халықтың сенім артуы өте маңызды. Сондықтан өзін-өзі жетілдіре отырып, сапалы жұмыс істеу мемлекеттік қызметшінің басты міндеті болуы тиіс.
Жалпы, Қазақстанда халықтың әл-ауқатын жақсартуға, олардың табысын өсіріп, тұрмыс сапасын арттыруға қатысты көптеген жұмыстар атқарылуда. Елде түрлі әлеуметтік көмектерді ұсыну үрдісі сақталып қана қоймай, ол біртіндеп көбейтіліп отыр. Бұл Қазақстандағы тұрақтылық пен орнықты дамудың айқын көрінісі.
Миланка КАРИЧ,
Сербия парламентінің депутаты
