Қазақстан
1 мин оқу 336
Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
<p style="text-align:justify">22 қараша күні терроризмге қарсы астаналық жедел штаб лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. </p>

Оқу-жаттығу Алматы аудандық полиция бөлімшесінің ғимараты маңында (Бөрілі, 18) сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін болады.
Іс-шараның негізгі мақсаты - терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб күш-құралдарының дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу кезінде кейбір шектеулер болады.
«Осыған орай қала қонақтары мен тұрғындарының сабыр сақтап, түсіністік танытуын сұраймыз» делінген хабарламада.
Бөлісу:
