Қазақстан
1 мин оқу 540

Талғат Қалиев: «Рухани жаңғырудың» қисынды жалғасы

<p style="text-align: justify;">Әрбір халықтың тарихы &ndash; оның бағыт сілтер темірқазығы. Қай халық&shy;тың да негізінде дәл осы тарих жатыр. Ата Заңымыздың алғашқы сөйлемі де &laquo;Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы...&raquo; деп басталмай ма?! Сондықтан кез келген мемлекет өз тарихын зерделеуге барынша маңыз береді. Мұның фактілерді ойнатудың екпінімен көзалдаушылық, эмоционалды әрі популистік сипат алып та жататын кезі аз емес.</p>

Талғат Қалиев: «Рухани жаңғырудың» қисынды жалғасы

Мемлекет басшысы осы жолғы мақаласында бірден-бір сара жолды – төл тарихымызды тереңнен зерделеу үшін іргелі ғылыми зерттеулер жүр­гізу, барлық құжаттық деректерді пай­далану, ауқымды археологиялық жұ­мыс­тарды қолға алу жолын ұсынып отыр. 

Бүгінгі күні бұл жұртшылықтың, әсі­ре­се жастардың арасында айрықша сұ­ра­­нысқа ие. Барлық үнқатысу алаң­дарын­да тарих тақырыбында қызу пікір­талас жүріп жатыр. Бұл талқылаулардың қарқыны «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы жарияланғаннан кейін күрт артып, жаңа сапаға көтерілді. Елбасының жаңа мақаласы өткен мен болашаққа ортақ дүниетаным қалыптастырып, ұрпақтар арасында үзілмес байланыс­ты қайта қалпына келтіре отырып, сол алдыңғы мақаланың қисынды жалғасы ретінде қабылданып отыр. 

Талғат ҚАЛИЕВ,

саясаттанушы

Бөлісу:
Талғат Қалиев: «Рухани жаңғырудың» қисынды жалғасы · Egemen Qazaqstan