Жаңалықтар
1 мин оқу 906

«Ұлы дала» байқауы жарияланды

<p style="text-align: justify;">Елбасының &laquo;Ұлы даланың же&shy;&shy;&shy;ті қыры&raquo; ма&shy;қа&shy;&shy;ласына орай &laquo;Нұр Отан&raquo; партиясы &shy;Жа&shy;&shy;зу&shy;шылар одағымен бірлесіп жас ақын-жазу&shy;шылар арасын&shy;да &laquo;Ұлы дала&raquo; рес&shy;&shy;&shy;публикалық шы&shy;ғар&shy;машылық бай&shy;қауын жариялады. Бұл жөнінде бү&shy;гін партия Төрағасының бірінші орын&shy;басары Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қыз&shy;метінде өткен брифингте мәлімдеді.</p>

«Ұлы дала» байқауы жарияланды

Аталған іс-шараға, сондай-ақ жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдік, публицист, Парламент Мәжі­лісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов және Қазақстан Жазушылар одағының сек­ретариат мүшесі Несіпбек Айт қа­тысты.

– Елбасының «Ұлы даланың же­ті қыры» мақаласы көпқырлы әрі ауқым­­ды тарихымызды дұрыс түсініп, қа­­былдауға шақырады. Сондықтан ондағы басымдықтарды жүзеге асыруға Мем­лекет басшысының сенімді тірегі ретінде «Нұр Отан» партиясы да тіке­лей атсалысатын болады. Осы ба­ғыт­­тағы жобаларымыздың бірі – жас ақын-жазушыларға арналған «Ұлы дала» шығармашылық байқауы. Бұл байқаудың форматы мен маңызын Жа­зушылар одағымен пысықтап, алдын ала талқыладық. Алдағы уақытта жас қаламгерлеріміз осы байқау арқылы Ел­басының мақаласында айтылған құн­дылықтар мен идеяларды дәріптеуге жә­не оларды жүзеге асыруға өз үлестерін қо­сады деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Байқаудың мақсаты – рухани жаң­ғыру идеялары мен құндылықтарын дә­ріп­тейтін қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және соған қолдау көр­сету, шығармаларында еліміздің рухани жаңғыруы мен дамуын суреттейтін, қазіргі заманғы шындықты түсінуге және қазақстандықтардың дү­ниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін талантты жас әдебиетшілердің еңбегіне лайықты баға беру. Байқауға 18 бен 40 жас аралы­ғын­дағы қаламгерлер қатыса алады. Қа­ты­сушылардың жұ­мыс­тары 2018 жыл­дың 28 қарашасы мен 2019 жылдың 15 қаңтары аралығында қабылданады. Бай­қау шарттарымен толығырақ партияның ресми сайтында танысуға болады.

Бағашар  ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: