Қазақстан
1 мин оқу 525

Аружан Саин: Бүгінгі күнге дейін 3 миллиард теңге жиналды

<p style="text-align:justify">Астанада өтіп жатқан NurOtan Talks алаңында Аружан Саин қоғамдағы қайырымдылық мәселесі мен &laquo;Ерікті қайырымдылық қоғамы&raquo; қорының атқарған шаралармен бөлісті. &nbsp;</p>

Аружан Саин: Бүгінгі күнге дейін 3 миллиард теңге жиналды

- Қоғамның құрылғанына 12 жыл болды. Осы уақытқа дейін 1700 балаға көмек көрсетілді. Ол 2500 ота мен ем-шаралар қаржыландырылғанын білдіреді. Өйткені кей балалар бірнеше ота жасатады. 2006 жылы әлеуметтік желілер жоқ еді, интернетте форумдар ғана болатын.  Сол кезде еріктілер қатарында болып жүргенде осындай үлкен жобаға ұласарын білмедік, - дейді қоғам қайраткері.

- Бүгінгі күнге дейін 3 050 000 000 теңге жиналды. Бұл сома 280 теңгелік хабарламалар, басқа компаниялардың көмегімен жиналды. 300 мың АҚШ долларын Елбасының қайырымдылық қоры бөлді. Бұның барлығы кішкентай қадамдардан басталған болатын.

Жастарға айтарым - өзіңізге ұнайтын іспен айналасыңдар. Сонда ғана әр ісіңіз өзіңізге ғана емес, айналаңызға да пайдалы болып, бақытқа бөлейсіз.

Барлығымыз бір қаланың, бір елдің тұрғындары болғанымыз үшін бір-бірімізге көмектесіп тұруымыз керек, - дейді Аружан Саин. 

Бөлісу:
Аружан Саин: Бүгінгі күнге дейін 3 миллиард теңге жиналды · Egemen Qazaqstan