Қазақстан
2 мин оқу 390

«Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жоба басталды

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған &laquo;Тұңғыш&raquo; көшпелі экскурсиялық жобаның тұсаукесер рәсімі өтті. Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен тұсауы кесілген жоба Мемлекет басшысының жасампаз идеялары мен бастамаларын, кітапхананың бірегей қорларын насихаттап, көрерменді Елбасы Н.Назарбаевтың өмір жолы және қызметімен таныстырады.&nbsp;&nbsp;</p>

«Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жоба басталды

Президенттік оркестрдің үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Мем­лекеттік Күзет Қызметі «Ай­бын» полкінің Құрмет Қарауыл Р­отасы сал­танатты шерумен шара шымыл­дығын түрді. «Шығармашылық. Жа­сампаздық. Инновациялар» көшпелі көрмесінің ашылуына Елбасы кітап­ханасы директорының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов пен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің ректоры Ерлан Сы­дықов және қала тұрғындары мен жоғары оқу орындарының оқытушы­лары, студенттері қатысты.

Салтанатты шарада Әмірхан Ра­хым­жанов жиналған қауымды алда келе жатқан Тұңғыш Президент кү­німен құттықтады. «Бүгін алғаш рет Ел­басы кітапханасының көшпелі көр­месі мен «Тарихи таңдау» ғылы­­­ми-экс­позициялық жобасының ая­сындағы қо­ғамдық-саяси тақырып­та­ғы көшпелі экскурсияларымызды, еліміздің үлкен білім ордасы­ са­налатын Еуразия ұлттық университетінде ашқалы отырмыз.  Құнды материалдар ұстаздар мен сту­денттер қауымына рухани тұрғыдан берері аз болмас деп сенемін», деді Әмірхан Рахымжанов. Сондай-ақ ол халқымыздың жоралғысы бойынша Мемлекет басшысының еңбектері мен ол туралы жазылған шығармалардан тұратын кітаптар коллекциясын сый ретінде ала келгенін айтты. 100-ден астам кітаптан тұратын коллекцияның құрамында Елбасымыздың әлем тіл­дерінде жарық көрген еңбектері мен Пре­зиденттің өмірі мен қыз­метін қам­титын, «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмір­баян», «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хрони­касы», «Таң­дамалы сөздер» және Елбасымыз­дың парасатты пайымдаулары мен ой-толғаныстарынан тұратын «Ұлы дала ұлағаттары» атты кітаптар бар. 

«Тұңғыш» – Қазақстан Республи­касы Президентінің жасампаз көшбас­шы­лы­ғының дәлелі.  «Тұңғыш» – біздің жаңа заман тарихымыз. «Тұңғыш» – дәстүр сабақтастығының жалғасы. Елі­міз рухани жаңғырып, өрісіміз кеңейтіп жатқан тұста, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты тұ­жы­рымдамалық еңбегі бізді тағы да өткен мен бүгіннің тізгінін тең ұс­­тауға жұмылдырып отыр», деді көр­­менің ашылу рәсімінде сөз алған Л.Н.Гу­милев атындағы ЕҰУ ректоры Ер­­лан Сыдықов. Айта кету керек, көш­пелі экскур­сиялардың форматы қатысу­шыларға бірегей материалдар жи­ынтығымен танысуға, оның ішін­де Елба­сының тарихи жолын ашатын бей­нехрониканың сирек кадрларын, фо­тосуреттер мен мұрағаттық құжат­тарын және мұражай экспонаттарын қолмен ұстап көруге мүмкіндік береді.

Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
«Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жоба басталды · Egemen Qazaqstan