Ақтауда теңіз жағалауында жаңа демалыс орындары салынады
<p style="text-align: justify;">2017 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстауда туризм саласында 205 904 адамға қызмет көрсетіліп, көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 7 % - пайызға өскен. Бұл туралы Маңғыстау облысы «Өңірлік коммуникация қызметінде» өткен брифинг барысында туризм басқармасының басшысы Өркен Бисақаев мәлім етті.</p>

Аталған 205 904 туристің 177 178 адамы еліміздің азаматтары, басқаша айтқанда, ішкі туризм деңгейінің көрсеткіші болып табылады, ал 28 726 адам - шетелден келген, ол – келу туризмінің көрсеткіші.
Басқарма басшысының айтуынша, келесі жылы «Три оф лайф» демалыс базасы аумағында 3 жаңа нысан бой көтереді.
Онда 250 орынға арналған «Нұр» шипажайы, 120 орынға арналған «Волна» қонақ үй кешені салынады. Сондай-ақ, инвесторлармен 2020 жылы 6 бірдей қонақ үй кешенін іске қосу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы
