Руханият
1 мин оқу 573

Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізімінде

<p style="text-align: justify;">Елбасымыз қоғам тарапынан зор серпіліс тудырған &laquo;Ұлы даланың жеті қыры&raquo; атты бағ&shy;дарламалық мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлық&shy;&shy;&shy;тауды және ортақ фоль&shy;к&shy;&shy;лорлық мұраларды зерт&shy;&shy;теуді айрықша тапсырған еді.&nbsp;Елбасымыз қоғам тарапынан зор серпіліс тудырған &laquo;Ұлы даланың жеті қыры&raquo; атты бағ&shy;дарламалық мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлық&shy;&shy;&shy;тауды және ортақ фоль&shy;к&shy;&shy;лорлық мұраларды зерт&shy;&shy;теуді айрықша тапсырған еді.&nbsp;Елбасымыз қоғам тарапынан зор серпіліс тудырған &laquo;Ұлы даланың жеті қыры&raquo; атты бағ&shy;дарламалық мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлық&shy;&shy;&shy;тауды және ортақ фоль&shy;к&shy;&shy;лорлық мұраларды зерт&shy;&shy;теуді айрықша тапсырған еді.&nbsp;</p>

Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізімінде

Аталған мақала кеңінен тал­қы­ланып жатқанда алыстан ақжолтай жаңалық жетті. Алтайдан тараған түгел түркінің киесі, қобыздың иесі, ортақ миф пен фольклордың атасы саналатын Қорқыт ата мұрасы адамзат тарихында айрықша із қал­дырған құбылыс ретінде ЮНЕСКО-ның ма­те­риалдық емес мә­дени мұралар тізі­міне енді. 

Былтыр наурыз айында Қазақ­станның бастамашылығымен және бауырлас Түркия, Әзербайжан мем­ле­кет­терінің қолдауымен ұйым­ның қарауына алынған бұл жұ­мыс осы­лайша игі нәтижемен аяқ­талды. «Қор­қыт ата мұрасы: дас­тан, аңыз және музыка» деген атау­­мен енгізілген құжат Маврикий Рес­­пуб­ликасының астанасы Порт-Луисте өткен ЮНЕСКО-ның мате­риал­дық емес мә­дени мұра­ларды қор­ғау жөніндегі коми­те­тінің 13-үкіметаралық отырысын­да ма­құл­­данып, тиісті шешім қабыл­данды. 

Барша халқымызға құтты болсын!

Бөлісу:
Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізімінде · Egemen Qazaqstan