Әлем
1 мин оқу 440
АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Буш өмірден озды
<p style="text-align:justify">АҚШ-тың 41-інші президенті болған үлкен Джордж Буш 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Washington Post.</p>

Ол 1989-1993 жылдары мемлекет басшысы болған. Оның тұсында әлемдегі айтулы оқиғалар орын алды. Атап айтқанда, Берлин қабырғасы құлап, КСРО ыдыраған.
Оның үлкен ұлы - Джордж Буш - Құрама Штаттардың 43-ші президенті, екінші ұлы - Джеб Буш - Флорида штатының губернаторы болған.
Айта кетейік, ол Паркинсон дертімен ауырған болатын.
Бөлісу:
