Қазақстан
1 мин оқу 321

Төл туындыларымыз Түркия төрінде

<p style="text-align: justify;">Түркияның Бурса қаласында еліміздегі айтулы қылқалам шеберлерінің іргелі еңбектерінің басын біріктірген &laquo;Ұлы дала рухы&raquo; көрмесі ашылды. Бауырлас елдің өнер сүйер қауымына ұсынылған көшпелі көрме Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының мұрындық болуымен шымылдығын түріп отыр.&nbsp;</p>

Төл туындыларымыз Түркия төрінде

«Ұлы дала рухы» көр­месі көшпенділер мә­де­ние­тінің, қазақтың тұр­мыс дәстүрін, ұлттық ат спор­ты ойындарын, бай әдеп-ғұрыптарының бірегей ерек­шелігін көрсе­теді. Ол қа­зіргі заманғы түр­­кітілдес елдердің бейнелеу өнерін, өткен тарихын, оның аума­ғында болған ежелгі өр­кениеттерді, қазіргі за­­ман­ғы адамзат проблема­ла­­рын рухани ізденістер ар­­­қылы танып білуге жете­лейді.

Түрік көрермендері отан­дық Евгений Сидоркин, Әб­дірашит Сыдыханов, Дулат Әлиев, Ғани Баянов, Бахыт Бапишев сынды өнер шеберлерінің, сондай-ақ Марат Бекеев, Шамиль Гу­лиев, Нелли Бубэ, Ас­қар Ес­дәулет, Алмагүл Мең­лі­баева, Андрей Нода, Гүлжа­мал Тагенова, Алпыс­бай Қазығұлов және Вячес­лав Люй-Ко сияқты зама­науи суретшілердің шығар­машылығымен таныса алады. Көрме коллекциясы 32 кескіндемелік және графи­калық туындыны қамтыған.

Музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева атап өткендей: «Көрме Қа­зақ­станның заманауи өне­рінің кең стилистикалық әртүрлілігін, ұлттық бояуы мен өзіндік ерекшелігін айқын көрсете отырып, көрнекі түрде ұсынады. Ә.Қастеев атындағы өнер му­зейі шетелдік көрме­лер­ді әр түрлі елдерде ұйымдастыру арқылы, қазақ өнерін халық­аралық деңгейге көтеріп, әлем халықтарын төл мәде­ниетіміз, тарихымыз бен бейнелеу өнеріміздің тереңіне үңілуге шақырады». 

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Төл туындыларымыз Түркия төрінде · Egemen Qazaqstan