Жаңалықтар
1 мин оқу 460

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

<p style="text-align:justify">21 желтоқсанда &laquo;Алматы Арена&raquo; спорт кешенінде ережесіз жекпе-жектен &laquo;Titan FC 51&raquo; деп аталатын халықаралық турнирі өтеді. Айтулы жарыста Қазақстан, Бразилия, Қытай, АҚШ, Канада және тағы басқа елдердің келген мықты спортшылары күш сынасады.</p>

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін әлемдік доданың ұйымдастырушылары аралас жекпе-жектен халықаралық «Titan FC» ұйымы мен «Alemfighters» клубы болып табылады. Турнир файткардына екі титулды жекпе-жек кіріп отыр. Атап айтсақ, 57 кило салмақтағы чемпиондық белбеуді колумбиялық Хуан Пуэрта (15-6) мен қазақстандық спортшы Қазыбек Әшімов (13-3) сарапқа салады. Ал бұл кештің басты жекпе-жегінде Бейбіт Назаров (14-3) пен америкалық Мартин Браун (12-5) айқасады. Олар жеңіл салмақта (70,3 кг) уақытша чемпиондық белбеу үшін талсады.

Алматыда өтетін жарыс барысында 15 жекпе-жек өткізуді көздеп отырмыз. Рейтингтік бәсекелерде негізінен «Alemfighters» клубының жауынгерлері жұдырықтасады. Өздерін жақсы қырынан көрсеткен жігіттер «Titan FC» лигасына қабылданады. Сол лигада жүріп көзге түскен спортшылардың 70 пайызы UFC-де бақ сынап жүргені баршаға мәлім. Олай болса, біздің өрендер үшін де әлемнің ең белді ұйымында өнер көрсетуге тамаша мүмкіндік туындап отыр, – дейді «Alemfighters» клубының басшысы Ардақ Назаров.     

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді · Egemen Qazaqstan