Әлем
1 мин оқу 380
Анкарада жүрдек пойыз апатынан 4 адам қаза тапты
<p style="text-align:justify">Анкарада жүрдек пойыздың екі вагоны рельстен шығып кетті. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, 43 адам зардап шекті. Бұл туралы қала губернаторы Васип Шахин мәлімдеді, деп хабарлайды NTV телеарнасы.</p>

Ресми ақпарат бойынша, Анкара-Конья жолаушылар жүрдек пойызы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:30-да Енимахалле ауданында Маршандиз стансасында жерасты жаяу өтпе жолына соқтығысты.
Қазір жарақат алғандар ауруханаға жеткізіліп, апаттың мән-жайы тексеріліп жатыр.
Бөлісу:
