Қазақстан
1 мин оқу 1,700

Атқа міну акциясы басталды

<p style="text-align: justify;">Жымпиты ауылында атты ерттеу және атқа міну мәдениеті тақырыбына жастарға арналған шеберлік сағаты өтті. Ерекше &laquo;дәрісті&raquo; дәстүрлі әнші, дәстүрлі &laquo;Жігіт сұлтаны&raquo; байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы, шабандоз Сәлімжан Әубәкіров жүргізген.&nbsp;&nbsp;</p>

Атқа міну акциясы басталды

«Нұр Отан» партиясы Сы­рым аудандық филиалы және аудандық мәслихат депу­та­ты Серік Тоқмәмбетовтің ұйым­дастыруымен өткен шараның мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген атқа міну мәдениетін жаңғырту мәселесіне үн қосу. 

Шеберлік сағатына қатыс­қан Сырым аудандық кол­леджі студенттері, Жаһанша Дос­мұхамедұлы және Қадыр Мыр­залиев атындағы мектеп оқу­шылары ат әбзелдері атауларымен танысып, атты дұрыс ерт­теу және босату жөнінде дәріс алды. Көшпелілердің мың­жылдық тәжірибесін көзбен кө­ріп, қолмен ұстап, тіпті өздері тәжірибе жү­зінде жасап та көрді. Ал атқа мі­нудің ыңғайы, оның күтімі мен ба­бы туралы Сырым аудандық мәс­лихатының депутаты Серік Тоқмәмбетов кеңірек айтты. 

− Жиналыс жасап, баянда­ма оқумен жастарға рухани тәрбие бере алмаймыз. Оларға өзіміз нақ­­ты іспен үлгі көрсетуіміз керек! Шеберлік сағаты жастарға пай­далы болды деп есептеймін. Дәс­түрлі шаруашылықты жаң­ғыруды ұдайы жүзеге асы­руға ниеттіміз, – дейді шара туралы «Нұр Отан» партиясы Сырым аудан­дық фи­лиа­лы төрағасының бірін­ші орынбасары Талғат Дар­ғожиев. 

− Атқа міну мәдениетін алда­ғы уақытта бұқаралық спорттық ша­ра­лардың бірі ретінде де қол­­­­данған жөн. Мемлекеттік ме­­­реке құрметіне велошеру, ав­то­шеру өткізе бергенше, бір ке­зек салт аттылар шеруін де өт­кізуге болатын секілді, – дей­ді жым­питылық әріптесіміз Бауыр­жан Ширмединұлы.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Атқа міну акциясы басталды · Egemen Qazaqstan