Жаңалықтар
1 мин оқу 350

Солтүстік Қазақстанда басқарма басшысы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Арыстан Баяхметұлы Құжымов Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.</p>

Солтүстік Қазақстанда басқарма басшысы тағайындалды

А. Құжымов 1984 жылы Мамлют ауданына қарасты Бексейіт ауылында дүниеге келген. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді, Қазақстан-Ресей университетін құрылыс бакалавры, юриспруденция бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы “Единство” ЖШС-нің диспетчері болып бастаған. 2006-2011 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар жер-кадастр филиалында техник-жерге орналастырушы, Аққайың аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында жетекші маман  болып еңбек еткен.

2011-2015 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, 2015-2018 жылдары облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшесінің басшысы – ауыл шаруашылығын дамыту бөлімінің меңгерушісі болған.

Осы тағайындауға дейін облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда басқарма басшысы тағайындалды · Egemen Qazaqstan