Әлем
1 мин оқу 630

Астанадағы бас шырша ТМД бойынша үздік шыршалар қатарында

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіз елдер достастығы (ТМД) елдерінің жаңажылдық шыршаларының рейтингі жарияланды. ТМД елдерінің астаналарында орналасқан үздік шыршаларға биіктігіне қарай баға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат&nbsp;ТурСтат&nbsp;талдау агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Астанадағы бас шырша ТМД бойынша үздік шыршалар қатарында

Қазақстанның бас шыршасы биыл ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы «Нұр Әлем» павильонының маңына жайғасты. Биіктігі - 25 метр. Оның шамы өткен жылдың 18 желтоқсан күні салтанатты түрде жағылған-ды. Ал Мәскеудегі Кремль жанындағы алаңда орын тепкен «тірі» шырша ТМД астаналары жаңажылдық шыршаларының көшін бастады.

Сонымен, ТурСтат мәліметінше, ТМД-дағы ең биік шыршалар мына қалаларда орналасқан: Ашхабад (38 метр), Баку (37 м), Ереван (37 м), Ташкент (35 м), Минск (30 м), Душанбе (28 м), Мәскеу (27 м), Астана (25 м), Бішкек (25 м) және Тбилиси (25 м).

Бөлісу:
Астанадағы бас шырша ТМД бойынша үздік шыршалар қатарында · Egemen Qazaqstan