Қазақстан
1 мин оқу 850
Жансая Әбдумәлік - әлемнің 20 жасқа дейінгі ең үздік шахматшысы
<p style="text-align:justify">Жансая Әбдумәлік әлемнің 20 жасқа дейінгі ең үздік шахматшыларының тізімін бастады.</p>

Бүгінгі таңда Жансая шахматтың барлық түрінен көш бастап тұр. ЭЛО рейтингі бойынша классикалық шахмат, рапид пен блицтан алдыңғы қатарда. Бұған дейін қазақстандық спортшылар әлемдік шахмат рейтингінің тізімін бастамаған. Сондықтан, бұл – тарихи сәт.
Естеріңізге сала кетсек, Санкт-Петербургте өткен шахматтың рапид түрі бойынша жарыста Жансая Әбдумәлік ТОП-10-ға кірген болатын.
Бөлісу:

