Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 603

Қытай дәрілерін заңсыз кіргізбек болған азамат ұсталды

<p style="text-align:justify">Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы &nbsp;ынтымақтастығы орталығында шекара наряды 2019 жылғы 15 қаңтарда шекаралық және кедендік бақылаудан өтіп болған 21 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қытай дәрілерін заңсыз кіргізбек болған азамат ұсталды

Оның жүгінен шекарашылар біздің елдің аумағына заңсыз енгізбекші болған 4 қорапта, жалпы салмағы 68,5 кг тартатын қытай дәрі-дәрмегін анықтаған. Ұсталған азаматтың жүгі актіленіп Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды. Сараптама жүргізілетін болады. Заңсыз жүктің иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады.

Бөлісу: