Жаңалықтар
1 мин оқу 470

Рухани серпілістің жаңа кезеңі

<p style="margin-left:0cm; margin-right:0cm; text-align:justify"><span style="font-family:&quot;Arial&quot;,sans-serif"><span style="color:#262626">Елімізде &laquo;Мәдени мұра&raquo; бағдарламасы бойынша қаншама істер жүзеге асты. Орыс, қытай, парсы, араб тілдерінде жазылып қалдырылған көптеген қазақ тарихына қатысты жәді&shy;гер&shy;&shy;лер жинақталып, кітап бо&shy;лып жарық көрді. Бірақ бұл әлі толық ат&shy;қ&shy;арыл&shy;ған іс емес. Дү&shy;ние&shy;жүзі&shy;нің көптеген мұра&shy;ғат&shy;тары мен му&shy;зей&shy;лерінде қазақ тари&shy;хы&shy;на қатысты әлі көп бей&shy;мәлім де&shy;рек&shy;&shy;тер жетерлік. Сон&shy;дық&shy;тан &laquo;Архив &ndash; 2025&raquo; жеті жыл&shy;дық ба&shy;ғ&shy;дар&shy;ламасын жүзеге асы&shy;ру арқылы бүкіл зиялы қауым өкіл&shy;дері тарихымыздың ақтаң&shy;дақ&shy;&shy;тарын ашуға мүмкіндік алып отыр.</span></span><br /> </p>

Рухани серпілістің жаңа кезеңі

«Дала фольклорының антологиясын» жасауға Қазақстан Жазу­шылар одағы тікелей ара­ла­сады. Өйткені көптеген ерте­гілеріміз бен лиро-эпостық жырларымыздың, батырлық жырлар мен мақал-мәтелдердің, аңыздар мен қиссалардың әлі де халық назарына ұсынылмаған, әлем оқырманына беймәлім нұс­қалары баршылық. Бұл істе Қазақ­стан Жазушылар одағы не­гіз­гі күш-қайрат көрсетуі керек. Түркологтардың дүние­жүзі­­лік конгресін 2019 жылы Ас­тана­да өткізудің нақты белгі­ленуі – көп жаңа ғылыми жүйелі істердің жүзеге асуына серпін берері сөзсіз.

Айта берсек, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көр­сетілген жобалардың жүзеге асуы арқылы барша әлемге өзі­міз­дің Ұлы дала елі екен­дігіміз­ді дәлелдейтін тарихи дамуы­мыз­дағы жаңа кезең бас­талып отыр. Әрбір зиялы қазақ аза­ма­­ты Елбасы мақаласындағы көр­­­се­­тіл­ген бағыттардың іс жү­зі­­не асуына барынша қайрат көр­­се­тіп, үлес қосуы керек деп білемін.

Бауыржан Жақып,

Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын

Бөлісу:
Рухани серпілістің жаңа кезеңі · Egemen Qazaqstan