Спорт
1 мин оқу 384

«Астананың» велошабандозы үшінші орынға көтерілді

<p style="text-align: justify;">Австралияда өтіп жатқан &laquo;Тур Даун Андер&raquo; көпкүндігінің үшінші кезеңі өз мәресіне жетті. Айтулы бәсеке 146,2 шақырымдық қашықтықты құраған Лобетал мен Юрэйдл аймақтары бойынша өтті.<br /> </p>

«Астананың» велошабандозы үшінші орынға көтерілді

Бұл тартыс «BORA-hansgroht» клубының мүшесі Петер Саганның жеңісімен аяқталды. Әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуропа біріншілігінің жеңімпазы деген дардай атағы бар Словакияның саңлағы осы қашықтықты 3 сағат 46 минут 06 секундта жүріп өтті. «Астананың» сапында өнер көрсетіп жүрген испандық велошабандоз Луис Леон Санчес екінші орынды иеленсе, ОАР-дың өкілі Дэрил Импи мәреге үшінші болып жетті.

Артта қалған үш кезеңнің нәтижесі бойынша Жаңа Зеландияның спортшысы Патрик Бивин әлі ешкімге жеткізбей келеді. Оның уақыты – 10 сағат 20 минут 09 секунд. Екінші орында – Петер Саган. Ал күллі қазақстандық жанкүйерлер үміт артып отырған Луис Леон Санчес үшінші сатыға тұрақтады. Ол көш басындағы велошабандоздан 9 секунд қалып келеді.      

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
«Астананың» велошабандозы үшінші орынға көтерілді · Egemen Qazaqstan