Қазақстан
1 мин оқу 1,171

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

<p style="text-align:justify">Облыстық сот ғимаратының алдына қазақ билерінің&nbsp;ескерткіші орнатылды. Мерекелік шараға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов және Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым және&nbsp;зиялы қауым өкілдері&nbsp; қатысты.</p>

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов  құттықтау сөзінде ескерткіштің ашылуы мұнайлы аймақтың қоғамдық және мәдени өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті.

- Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды. Қазақстан халқы тарихтағы ең күрделі кезеңде қазақтарды біріктіруде шешуші рөл атқарып, оларды елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы билері - Төле, Қазыбек және Әйтекені еске алады. Бұл - ұрпақтар сабақтастығы, дәстүрлердің жалғасы. Ескерткіш облыстық сот ғимаратының жанында кездейсоқ орнатылмаған, бұл қазақ халқының даналығы, әділдігі мен абыройының символы, - дейді Серік Шапкенов.

Айта кетейік, ескерткіштің биіктігі 4 метр, қоладан жасалған және мәрмәр тұғырда орналасқан. Ескерткіштің авторы - атақты қазақстандық мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

Атырау

Бөлісу:
Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды · Egemen Qazaqstan