Күрес
1 мин оқу 512

«Иван Ярыгин» турниріне қатысады

<p style="text-align: justify;">Ресейдің Краснояр қаласында 24-27 қаң&shy;&shy;тар күндері дәстүрлі &laquo;Иван Ярыгин&raquo; тур&shy;нирі өтпек. Бұл еркін күрес пен қыз&shy;дар күресіндегі балуандар үшін жылдың шы&shy;мыл&shy;дық ашар алғашқы ресми жарысы.</p>

«Иван Ярыгин» турниріне қатысады

Биыл отызыншы рет ұйымдастырылып жатқан халықаралық додада қазақстандық балуандар да бақ сынамақ. Ярыгин тур­нирінде ел намысын 57 кило салмақтағы Абзал Өкенов, 70 килода белдесетін Асхат Слямханов пен қыздар күресінің өкілі Эльмира Сыздықова (76 кг) қорғамақ.

«Иван Ярыгин» турнирі Гран-при сана­тындағы рейтингілік жарыстар тізбегін бас­тайды. Турнирдің жеңімпазы 8 ұпай ен­шілесе, күміс жүлдегер – 6, қола жүлдегер –  4, ал бесінші орын иегері 2 ұпай иеленеді. Балуан­дардың рейтингілік турнирлерде жиған ұпайы биыл Астанада өтетін лицен­зиялық әлем чемпионаты қарсаңында маңыз­ды болмақ.

Әли БИТӨРЕ,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
«Иван Ярыгин» турниріне қатысады · Egemen Qazaqstan