Қазақстан
1 мин оқу 813
«Murager production» фото-кино студиясы ашылды
<p style="text-align:justify">Қызылорда қалалық Білім бөліміне қарасты үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінде «Murager production» фото-кино студиясы ашылды.</p>

Биыл мектепке 100 жыл толғалы отыр. Салтанатты жиынды қалалық білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитетінің төрайымы Орынша Міржақыпқызы ашып, студияның алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
«Murager production» фото-кино студиясының жетекшісі Жеңіс Әбсаттарұлы алдағы уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуде, мектеп жаңалықтарын ақпараттандыруға студия мүшелері өз үлестерін қосатынын айтты.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы
Бөлісу:
