Аймақтар
2 мин оқу 960

Ақтөбе «Жеті қазынамен» толықты

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе &ndash; жыл сайын қанатын кеңге жайып, тез өсіп-өркендеп келе жатқан қала. Шырайлы шаһарда соңғы уақытта сәнді де сәулетті шағын аудандар мен көрікті көшелер бой түзеді. Оның бәріне тиісті атау берілуінің де алатын рөлі жоғары.</p>

Ақтөбе «Жеті қазынамен» толықты

Осыған орай соңғы уа­қытта облыс бойынша 292 кө­шеге атаулар берілген болса, оның басым бөлігі Ақтөбе қа­ласының үлесіне тиеді. Бұ­ған дейін өңірде бүгінгі қазақстандық қоғамның бітім-болмысына сәйкес келмейтін көше атаулары да сақталып келгені белгілі. Қазіргі күні бұл мәселе де өз шешімін та­уып, 87 көшенің атауы қайтадан өзгертілді.

Бұған қоса атау алуға ке­зегі келе қоймаған атау­сыз кө­шелер де Наурыз, Бура­бай, Үстірт, Ақберен, Жусан­ды, Құс жолы, Жеті қа­зына, Са­рыарқа және Сұ­лу­төбе се­кілді халықтық салт-дәс­түр­лерімізге сай атаулармен айшықталды. Сондай-ақ бұ­рынғы отаршылдық дәуір мен кеңестік тоталитарлық жүйе өкілдерінің есімдерін иеленіп келген көшелер – Мұхтар Әуе­зов, Мәшһүр-Жүсіп Кө­пейұлы, Дина Нұрпейісова, Ба­луан Шолақ, Қасым хан, Ке­рей хан және Жәнібек хан атындағы көшелер болып қайта жаңғыртылды. 

Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаеваның мәлімдеуінше, өңірдегі ономас­т­ика комиссиясы көшелерге атау беруге қатысты 176 ұсы­­ныс­ты талқылауға салыпты. Оның 155-не оң қо­рытынды берілген. Сондай-ақ 224 атау рес­публикалық оно­мас­ти­калық комиссияның қол­да­уына ие болыпты. Түптеп келгенде, қазіргі кезде облыстық топономика кеңістігін қазақ тіліндегі атау­лар үлесі 93 па­йызды құрап отыр. Бұл қал­ған жеті пайыздық мөлшер бү­гінгі қоғам және уақыт талабымен сәйкеспейді деген ұғымды білдірмейді. Өйткені ел­дік мүддеге бірқатар орыс тілін­дегі тұлғалардың да қыз­мет жасап келгенін ешкім жоққа шығара алмайды. Ен­де­ше, олардың атаулары да рес­­публика қалаларындағы кө­­ше­ден көрініс табуы әді­летті бол­мақ.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Egemen Qazaqstan»

АҚТӨБЕ

Бөлісу: