Жаңалықтар
1 мин оқу 415
Дэвис кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
<p style="text-align:justify">Дэвис кубогі әлемдік лигасының бірінші айналымы аясында кездесетін Қазақстан мен Португалия командаларының құрамы анықталды. Бұл туралы Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев мәлімдеді. </p>

Қазақстан сапында Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 56-шы орын), Александр Недовесов (193-ші орын), Александр Бублик (164-ші орын), Тимур Хабибулин (жұптық сында 162-ші орын), Денис Евсеев (322-ші орын) кортқа шығады.
Біздің командаға Жоау Соуза, Педро Соуза, Жоау Домингеш, Гаштан Элиаш қарсы ойнайды. Олардың арасында рейтингте жоғары тұрған теннисші - Жоау Соуза (44-ші орын).
Екі құрама арасындағы матч 1-2 ақпан күндері Астанадағы ұлттық теннис орталығында өтеді.
Бөлісу:
