Жаңалықтар
1 мин оқу 1,910

Алматы облысының Райымбек ауданында алтын өндіріледі

<p style="text-align: justify;">Өткен жылы Елбасы Жарлығымен қайта ашылған Алматы облысының Райымбек ауданы аумағында табиғи алтын қоры мол. Қазір осы Нарынқол өңірдегі қазына мөлшерін зерттеу мен өндіру жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.</p>

Алматы облысының Райымбек ауданында алтын өндіріледі

Бүгінде аудан көлемінде алтын өндіру жобалары жасалып қойған екен. Еліміз бойынша алтын қазбаларын тәжірибелік-өндірістік өндіру мен бағалау ісіне мамандандаған «Gold Production» ЖШС Нарынқолдың қазынасын игеруге бел шешіпті. Алдағы көктемге қарай қарай алтын өндіруге кіріседі.

Райымбек ауданының Жамбыл ауылдық округі аумағында басталатын өндіріске  8 млрд 649 млн теңге инвестиция салынбақшы. Жобаны жүзеге асырылатын 2019-2026 жыл аралығында 80 шақты адамға жұмыс табылып тұр.

Жақында ауданның алтынын игеруге тағы екі компания қосылмақ. «СКН» серіктестігі мен «Нарынқол Голд» компаниясы алтын іздеу және  өндіру ісініе 3 млрд теңгеден астам қосымша инвестиция тартады.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Бөлісу: