Аймақтар
3 мин оқу 590

Мақталықты биотәсілмен өңдеу қажет

<p style="text-align: justify;">Сексеннің сеңгіріне шыққан Елемес Сабыров Астанаға Түркістан облысы, Мақтаарал ауданынан арнайы келіпті. Бейнетінің зейнетін көретін жаста үйінде тыныш жата алмай, бас қалаға ат басын тіреген, ел газеті &laquo;Егеменнің&raquo; редакциясын іздеп келген ақсақалдың сөзіне құлақ түргенбіз. Қалың жұрттың қамын ойлаған қарияның айтары бар екен. Ақ алтынды аймақтағы мақта егуге қатысты көкейкесті мәсе&shy;&shy;лелер, жергілікті халықтың денсаулығына байланыс&shy;ты проблемалардың бір парасын тарқатты.</p>

Мақталықты биотәсілмен өңдеу қажет

– Жастайымыздан иығы­мыз­ға кетпенімізді іліп, мақта өсі­­ру­мен айналыстық. Осы ап­пақ әлемнің арасында жүріп есейдік, табысымыз да, тыныс-тіршілігіміз де мақтамен байланысты болып кет­ті, – деп сөз бастады ақсақал. 

Елемес Сабыров кезінде жо­­­­­ғары оқу орнында инженер ма­ман­дығын алып шыққаннан кейін туған жеріне оралып, өн­дірісте еңбек етіпті. Жұмыс де­се жанып түсетін жігіт мақ­та­лықтағы қол жұмысы азайып,­ ме­ханизациялау кезеңі бас­талған уақытты да көзімен кө­ріп, жұмыстың бел ортасында жүрді. Кеңес одағы тарап, елі­міз егемендік алып, нарықтық экономикаға аяқ басқан тұста Елекең де басқалар сияқты ауыл­­­­­шаруашылық жерінен, техникадан тиісті үлесін ие­ленді. Со­­­дан бері ұзақ жылдар бойы жи­­ған тәжірибесін көпшілікке үй­ретіп, өзінің шаруашылығын да ілге­­рілетіп келе жатқан жа­йы бар. 

Енді қарияның Астанаға ке­луіне не себеп болғаны туралы өз атынан баяндайық.

– Соңғы 10-15 жылдағы мақ­та зиянкестерімен химиялық тәсіл бойынша күресудің кең таралуы адам денсаулығына зияны зор. Оның орнына био­логиялық тә­сілді қолдану эко­­логиялық жа­­­ғынан таза, ар­зан, әрі тиімді еке­­нін аудан, облыс көлеміндегі ал­қалы жиындарда қанша айтсам да, оған жет­кілікті көңіл бөлін­бей отыр, – дейді ақсақал. 

Елемес Сабыров айтып өт­­кен­дей, Елбасының ха­­лық­қа Жол­дауларында да ден­саулық сақтау, қоршаған орта қауіпсіздігі, ауыл шаруа­шы­лығын қолдау мәсе­лелері үнемі айтылып келеді. Ал қо­за зиянкестерімен күресте хи­­миялық улы зат­­тар­дың ор­­нына биологиялық тәсіл­ді қол­­дануды да­мыту мақ­ташы­лардың денсау­лығын зиянды заттардан қорғауға сеп­тігін тигізетін бірден-бір жол. 

– Мақтаарал, Жетісай аудан­­дарында мақта шаруа­шы­­лығымен айналысатын мың­даған қожалық бар. Басым көп­шілігі елді мекендерге ір­гелес орналасқан. Бұл екі аудан­­­дағы халықтың орналасу ты­ғыздығы да республика бойын­ша ал­дың­ғы орындарда. Ақ алтынды аймақта 1 шақырым аумақта 165 адам өмір сүреді екен. Яғни, осынша адам улы­ хи­микатпен уланып жатыр.­ Қазір балалар мен жүкті келін­шектер арасында неше түрлі ауру түр­лері көбейіп кет­кенін де осы хи­­миялық ты­ңайт­қыш­тармен байланыстыруға бо­лады. Демек, мақта ал­­қап­та­рында химиялық препараттар мөл­шерін барынша азай­тып, биологиялық тәсілге толық өте­тін уақыт келді, – дейді Е.Сабыров. 

Осылайша, жасы сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақал хи­миялық тыңайтқыштардың Мақ­таарал мен Жетісай аудандары халқының денсаулығына зиян келтіріп жатқанын айтып дабыл қағып, тиісті ме­­кемелердің табалдырығын тоз­дыруға мәж­бүр. Сөзіне қара­ғанда, көршілес Өзбекстан елі­­­нің мақталықта улы заттар­ды қол­данудан түбегейлі бас тарт­­­қанына ондаған жыл бо­лып­ты. Ала топылы ағайын био­органикалық химия, өсім­діктерді қорғау институттары әзір­леген жаңа әдістерді қол­данады. 

Елемес қарт атқарылуға тиіс шараларды да нақтылап қо­йыпты. Біріншіден, био­агент­тер өндіру, тарату, оның өсімдік зиянкестерімен кү­рес­тегі әсе­рін бағалау керек деп санайды. Екіншіден, био­тәсілдерді қол­дануға шаруаларды ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін қарастырған жөн. Кәсіби дең­гейі жоғары агроном-биологтарды, агроном-энотолог­тарды әзірлеудің де маңызы ерек­ше. Қорыта келгенде, мақсат ша­руаларды жаппай жаңа тәсілге кө­шіруді көздейді. 

Тағы бір айта кетерлігі, кәрі құр­лықтың мақта импортына­ зәру елдері химиялық жолмен өң­делген ақ алтынды алуға он­ша құлықты емес екен. Өзбек ағайын­дардың табиғи таза өнімге иек артуына мақта экспортынан та­бысқа кенелуді көз­дегендері де ықпал етсе керек. 

Елемес қажы Сабыров − Мақта­­­­арал ауданының құр­метті азаматы, еңбек ар­да­гері, ауыл шаруашылығы са­ла­сы­ның үздік маманы ре­тінде облыс көлеміне есімі бел­гі­­лі адам. Жасы келіп қал­ған қа­рияның қолын жылы су­ға са­лып, мақталығын шо­лып шығып, ауыл-аудан төңі­ре­гінен шықпай жүре бе­руі­не болар еді. Бірақ елдің денсау­лығына алаң­даған, мақ­та­лық­тағы мәселе жа­нына бат­қан ақ­сақал оны ше­шу­­дің жолын із­дегенді жөн көріпті. 

Ақсақалдың айтары көп. Мақ­­та мәселесіне келгенде са­­ғат­тап көсілуге бар. Бірақ оның бәрін ал­­­­ғаусыз ақтара бер­­­мей, ең өзек­ті дегендерімен бө­лісуді, «Еге­мен» арқылы елге һәм тиісті орган­дарға жеткізуді көз­­деп келіпті. Біз айт­қандарын ай­на-қатесіз хат­қа түсіруге ты­рыстық.

Арнұр АСҚАР,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Мақталықты биотәсілмен өңдеу қажет · Egemen Qazaqstan