Жарнама
 
Бокс
1 мин оқу 402

Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутқа жіберді

<p>Аса ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий Минскте өткен жекпе-жек кешінде шаршы алаңға шығып, тоғызыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады.</p>

Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутқа жіберді

30 жастағы жерлесіміз Босния және Герцоговина елінің боксшысы Срдан Говедарицпен (6-7, 3 КО) жұдырықтасты. Алты раундқа есептелген кездесуде  Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салды.

Айта кетейік, Жан Кособуцкий Беларусь елінде осымен жетінші рет жұдырықтасты. Бұған дейін ол Ресей мен Украинада бір реттен жекпе-жек өткізген.

Бөлісу:
Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутқа жіберді · Egemen Qazaqstan