Әлем
1 мин оқу 1,455

Ақпан айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

<p style="text-align:justify">Ақпанның алғашқы&nbsp;онкүндігінде&nbsp;барлық аумақтағы ауа райы нашарлауы мүмкін: жауын-шашын, кей жерлерде күшті, жел күшейеді.&nbsp;Республиканың солтүстік бөлігінде басым түрде боран, оңтүстік бөлігінде тұман және көктайғақ күтіледі. Бұл туралы Қазгидрометтің баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</p>

Ақпан айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бірінші онкүндіктің ортасында Батыс Сібірдің аудандарынан батыстан шығысқа қарай суық антициклон жылжып, температура төмендейді.

  • республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде 20...30 аязға дейін, күндіз 15...23 аязға дейін;
  • республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 33...43 аяз, күндіз 25...33 аяз;
  • республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 18...28 аяз, күндіз 5...15 аяз.

Антициклонның ықпалымен алдағы екі онкүндік салқын және аз жауын-шашынды ауа райы басым болады. Тек кейбір күндері белсенді циклондарға байланысты жауын-шашын болмайды.

Республиканың басым бөлігінде бір ай ішінде орташа ауа температурасы нормадан 1...2°С төмен.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде нормадан аз түседі.

Бөлісу:
Ақпан айына арналған ауа райы болжамы жарияланды · Egemen Qazaqstan