Таным
1 мин оқу 2,412

Кенесарының үңгірі Бурабай көлінен жарты шақырым жерде

<p style="text-align:justify">Кенесары Қасымұлы &ndash; қазақ тари&shy;хын&shy;да орны зор тұлға. Өйткені ол XVII ғасырдың бірінші ширегінде пат&shy;шалық Ресей жергілікті халықпен санас&shy;&shy;пай, сес көрсету мақсатында 1822 жы&shy;лы &laquo;Сібір қазақтары туралы&raquo;, 1824 жылы &laquo;Орынбор қазақтарын басқару туралы&raquo; отарлау жарғы&shy;сын қабылдап, осы арқылы көшпе&shy;лі жұрттың шабын&shy;дық-жайылым алқаптарын зорлықпен тар&shy;тып алып, онымен шектеліп қалмай, қазақ қоғамының ежелгі басқару жүйе&shy;сі ханд&shy;ық билікті жоюына байланыс&shy;ты, отар&shy;&shy;лау&shy;&shy;шыларға қарсы шығып, ұлт-азат&shy;тық көтерілісті басқарған бірегей батыр.</p>

Кенесарының үңгірі Бурабай көлінен жарты шақырым жерде

Тарихи құжаттарда Кенекеңнің туған жері Бурабай өңірі деп көрсетіл­ген. Демек осы өлкеде қазақтың соңғы ханына қатысты тарихи нысандар, аңыз-әңгімелер көп. Соның бірі – жалпыұлттық қасиетті нысан тізіміне еніп отырған «Кенесары үңгірі». 

Бұл орын Бурабай көлі­нен оңтүстік-батыста жарты шақы­рым жерде орналасқан. Ғалымдар үңгірді гранитті сілемнің үгілуінен пайда болған дейді. Оның іші дөңгелек пошымдас, аумағы – 5-6 метр шамасында. Кіреберіс қуысының биіктігі 3 метр­ге жуық. Үңгір бір-бірімен тас қуыс арқылы жалғасатын екі бөлік­тен тұрады. Екінші бөлікте сырт­қа шығатын ауыз-қуыс бар. 

Бұл нысан туристер өте көп баратын орынның бірі. Ел ішінде сақталған әңгімелерге қарағанда, Кенесары бала кезінен осы үңгірде қона-түнеп, аң аулап жүрген дейді. Кейін, яғни 1840 жылдары ресейлік отарлау сая­сатына қарсы шыққан тұста батыр сенімді серіктерін үңгірге жинап, алдағы стратегиялық жоспарларын ақылдасатын еді дейді тарихшылар.

Тарихи нысан жайлы кезінде қазақтың алашшыл ақыны Мағжан Жұмабаев: 

Сол түні сонау үңгір тау ішінде,

Қабағын қарс жазып Кене ойланды.

Қиналған қазағына жол таппаққа, 

Жүрегі тілім-тілім тіле ойланды, - десе, дауылпаз жыршы Сәкен Сейфуллин: 

Үйшік бар әлгі құзда үңгірлеген, 

Ішіне кірсең үйдей күңгірлеген. 

Аталған «Кенесары үңгірі» деп, 

Көрсеңіз тәрізді іші дым кірмеген... - деп өлең жолдарын арнаған екен.

Дайындаған Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу: