Қазақстан
1 мин оқу 931

2018 жылы Қазақстанда қанша жұмыс орны ашылды

<p>Өткен жылы&nbsp;Қазақстан қалаларында пайда болған жаңа жұмыс орындар саны белгілі болды.</p>

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сай, 2018 жылы Астана қаласында 6,3 мың жаңа жұмыс орны пайда болған.

Алматы қаласында жаңа жұмыс орындар саны – 4,6 мыңға өсті. Павлодар облысында – 3,1 мың, Қарағандыда – 2,6 мың, Шығыс Қазақстан облысында – 2,1 мың, Ақмола облысында – 2,1 мың, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 1,5 мың, Солтүстік Қазақстан облысында – 1,4 мың, Алматы облысында – 1,1 мың, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында – 1 мың, Шымкент қаласында – 0,7 мың, Жамбыл облысында – 0,6 мың, Түркістан облысында – 0,4 мың, Қызылорда облысында – 0,3 мың.

Бөлісу:
2018 жылы Қазақстанда қанша жұмыс орны ашылды · Egemen Qazaqstan